«Алматы жастары» бағдарламасының қорытындысы жарияланды

Бүгін, 14:48 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

 "Алматы жастары" бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдау қорытындысы шығарылды. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында өтті. Барлығы 6626 өтінім берілді.

Бағдарлама нәтижесін мына сілтемеге өтіп көруге болады. 

Өтінімдердің ең көп саны білім беру саласының өкілдерінен түсті — 2191. Бұдан кейін денсаулық сақтау (1381), жұмыс істейтін жастар (881), ЖОО және ҒЗИ (635), коммуналдық қызметтер (428), мәдениет (360), құқық қорғау органдары (343), Әлеуметтік сала (245), спорт (86) және журналистика (76) салалары.

2025 жылы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 2550  заем беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 1050 заем «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларына арналған.

Сонымен қатар бірқатар бағыттар бойынша квоталар анықталды:

Бағдарлама нәтижесі бойынша 3412 қатысушыға қатысты оң шешім шығарылды. Мақұлданған өтінімдерді салалар бойынша бөлу:

Мақұлданғандардың қатарында «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының 759 жалға алушысы бар, оларға «Отбасы банк» АҚ-ға жолдамалар берілген.

Үш кезеңде 1500 қатысушы төлем қабілетін растау үшін банкке жолдама алады. Олар 15 жұмыс күні ішінде банктің қызмет көрсету орталығына хабарласуы керек. Төлем қабілеті расталған жағдайда қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үйді таңдай алады.

Қосымша 1153 қатысушы негізгі құрамды бағалау аяқталғанға дейін резервтік тізімге енгізілді. 3214 өтініш беруші тізімнен шығарылды. Оның негізгі себептері:

Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы бағдарламаның шарттары жаңартылды:

Бұдан басқа, жұмыс істейтін жастар қатарындағы қатысушыларға Алматыда немесе Алматы облысында жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі берілді.

Тэгтер:

тізім Ипотека қорытынды Алматы жастары