Ақтауда сотталған азаматтар қоғамдық жұмыстарды орындамаған

Бүгін, 13:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтау қаласының прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған 87 сотталған азаматтың  қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібін тексерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұмыстарды орындау қала әкімдігі белгілеген орындарда қарастырылған.

Тексеру барысында 8 сотталғанның іс жүзінде жазаны толық орындамағаны анықталды, алайда есепке алу табелдерінде жұмысты орындау туралы белгілер қойылған.

Бұл жағдай жұмыстардың нақты орындалуын тексеруді қамтамасыз етпеген ЖАО құрылымдық бөлімшесінің сапасыз бақылауының нәтижесінде мүмкін болды.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Ақтау қ. әкімдігінің «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тэгтер:

Сот жаза сотталғандар