Астанада балабақша қызметкерлерінің 2 млн теңге жалақысы төленбеген

21 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана прокуратурасы балабақшалардың 47 қызметкеріне 1,9 млн теңге жалақы төлемінің кешіктірілгенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратура шара қолданғаннан кейін қызметкерлердің еңбекақысы толықтай өтелді. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы және жалақыны уақтылы төлеу прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Тэгтер:

жалақы Балабақша еңбекақы