Индонезия елінде 5,5 балдық күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазды Oxu.Az.
«Жер сілкінісінің ошағы Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде орналасқан. Апат ошағы 34 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ», — делінген хабарламада.