Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

Бүгін, 09:07 / Інжу Әлихан
Akorda

Қазақстанның Моңғолиядағы, Шри-Ланкадағы, Швециядағы және Даниядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Тэгтер:

Президент Дания Швеция Жарлық елші Моңғолия Шри-Ланка