Қазақстанда овербукинг үшін енді айыппұл салынады

Бүгін, 09:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстанда овербукинг үшін жауапкершілік тек халықаралық емес, енді ішкі рейстерге де енгізіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Ұшақтағы орыннан көп билет сатқан авиакомпаниялар 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл мәселе әсіресе мереке және демалыс күндері ушығып, жолаушылар билет болса да ұша алмау жағдайларымен жиі кездескен.

Енді билеті бола тұра ұшаққа отырғызбау – жай ғана қолайсыздық емес, авиакомпанияға әкімшілік жаза қолдануға негіз болады.

Қабылданған шаралар әуе компанияларының қызметін бақылауды күшейтіп, жолаушылардың құқықтарын қорғауға, билет нормасынан артық сатылым салдарынан ұшаққа отырғызудан бас тарту жағдайларын жоюға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

Қазақстан Айыппұл Ұшақ билет әуе рейсі штраф Овербукинг