«Вилланы күтемін»: Ерке Есмахан күйеуі Раймнан не қалайтынын айтты

Бүгін, 06:36 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Райм туған күнін отбасымен жаңа үйде қарсы алды. Бұл туралы оның жұбайы Ерке Есмахан Instagram желісінде айтты.

Раймды жаңа жасымен құттықтаған Ерке :"Жаңа жасын жаңа үйде қарсы алдық", - деп жазды.

Сонымен бірге бұл үйде өздері тұрмайтынын, жаңа шаңырақ балаларына арналып сатып алынғанын мәлім етті.

"Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", - деп жазды әнші.