Марафонындағы қайғылы жағдай: Министр мәлімдеме жасады

Бүгін, 05:00 / Нұрлан Әлинұр
almaty-marathon.kz

Алматыда өткен Almaty Half Marathon жартылай марафонында екі қатысушының қаза табуына байланысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеме жасады. Министр бұл жағдайды "ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін оқиға" деп атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мырзабосыновтың айтуынша, оқиғаға байланысты толыққанды тексеріс басталған.

 Қазіргі таңда жарысқа қатысушылардың денсаулығы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қызмет сапасы мен қауіпсіздік шаралары жан-жақты сарапталатын болады. Бұқаралық спорттық іс-шаралар қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Осы бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті органдарға жолдаймыз, - деп жазды министр Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, министр жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық спорт шараларын өткізу талаптарын күшейту қажеттігін атап өтті.