Түнде аяз, үсік жүреді: Еліміз бойынша дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

20 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазгидромет синоптиктері 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер ертең, 21 сәуірде Астана мен Қазақстанның 14 өңірінде найзағай ойнап, жауын-шашын болатынын, екпінді жел соғатынын болжап отыр.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Алматы облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, тау етегіндегі аудандарда топырақ беті қатып, 1-3 градус аяз болады, үсік жүруі ықтимал. 

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертен тұман болады, түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 1-3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус аяз болады, үсік жүруі мүмкін. 

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, Қостанайда да күндіз найзағай болады деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнайды, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Атырау облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Астанада күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.