Мөлдір Жаңбырбай каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

20 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Astana.tv

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Мысыр астанасы Каирдағы Премьер-лига турнирінде үздік шықты.

Финалға дейін іркілмей жеткен Мөлдір 50 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде хорватиялық Эма Сгарделлиді тізе бүктірді. 

Осылайша, әлем чемпионы М.Жаңбырдай қатарынан үшінші Премьер-лига жарысында жүлде алды. Бұған дейін ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс алған еді.

Сөйтіп М.Жаңбырбай Премьер-лига санатындағы рейтингіде көш басындағы орнын нығайта түсті.