Түркістанда Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кездеседі

20 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: facebook.com/TurkistanQalasynynAkimdigi

Түркістанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді.

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.