Қазақстан мен Бенин СІМ басшылары екіжақты қатынастарды жандандыруға уағдаласты

20 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Олушегун Аджади Бакаримен кездесу өткізді.

Бенин сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезең болып, екі ел арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін берді.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтитын өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Министрлер сауда, логистика және цифрландыру сияқты стратегиялық маңызды салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды. Осы тұрғыда шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге және әртүрлі деңгейлерде сапарлармен алмасуды жандандыруға дайындықтарын растады.