Бүгін, 20 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Оушенсайд қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде этникалық қазақ Руслан Абдуллаев филиппиндік Джино Родригомен 8 раундтық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ӨзА.
Әуесқой бокстан құрлық және әлем чемпионы, Өзбекстанның 2021 жылғы үздік боксшысы ретінде «Руфат Рисқиев кубогының» иегері Руслан Абдуллаев жекпе-жекті толық бақылауға алды. Жекпе-жектің 5-ші раундында Абдуллаев қарсыласын нокдаунға түсірді.
8 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілердің ұпай саны бойынша Руслан Абдуллаев 80-71, 80-71, 80-71 есебімен жеңіске жетіп, кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде WBA Continental атағын жеңіп алды.