Қостанай перинаталдық орталығында нағыз алып тұлғалы батыр салмағы 7 келіге жуық, бойы 60 сантиметрден асатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Kazinform.
Медициналық мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүкті ананы мамандар жіті бақылаумен босандырып алған. Баланың есімін Рауан деп қойған. Бұл сәбилі болған қостанайлықтардың отбасындағы үшінші бала. Үйде үш жасар егіз әпкелер жаңа туған нәрестені күтіп отыр.
— Нәрестенің анасы аты-жөні құпия болып қалғанын қалады. Босанған ана өзін жақсы сезінеді, перинаталдық орталық қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді, — делінген хабарламада.