Қазақстанда доллар бағамы құбылып тұр

Бүгін, 11:21 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ұлттық банктің 19 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,9 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,39 теңге. Еуро — 593,5.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522 теңге. Еуро 591 — 597 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 519 теңге. Еуро 589 теңгеден сатып алынып, 596 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30 — 6,45 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 18 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,28 теңгеге қымбаттап, 521,90 теңге болған.