Қар, көктайғақ: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін, 11:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын, тұман және күшті жел болады.

Абай, ШҚО, Қарағанды, Павлодар – қар, көктайғақ, тұман, жел 15–20 м/с.

Ақмола, Қостанай, Ақтөбе – жауын-шашын, найзағай, тұман, жел күшейеді.

Жетісу, Жамбыл – таулы аудандарда тұман, жел 23–28 м/с-қа дейін, үсік күтіледі.

СҚО, Қызылорда – қатты жел (15–20 м/с).

"Қазгидромет" РМК жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.