Танымал журналист Дина Төлепберген ұлттық киіммен пилонда би билеген қыздың желіде қызу талқыға түскені жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Журналисттің сөзінше, ұлттық киім киіп, ерекше би билеген пилондық спорттан ҚР чемпионы Бақыт Қадырованы қоғам қабылдай алмаған. Пилондық жаттығулар ресми спорт түріне жатса да, бойжеткенді сынап, дәстүрге құрметсіздік көрсетті деп айыптап жатқандар да бар.
«Менің позициям: Ұлттық киіммен пилонға шығу – ұят емес. Өйткені пилон – спорт. Қазақ қыздарының кәсіби акробатиканы меңгеріп қана қоймай, халықаралық міңберде жеңіп жатқанына мақтануымыз керек емес пе?», - деді Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында.