Қазақстанда маңызды жеті жолға «суперасфальт» төселмек

18 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Биылдан бастап елімізде жол жөндеу жұмысында Superpave (“суперасфальт”) технологиясы қолданыла бастайды. Бұл туралы «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев мәлім етті.

«Бұл әдіс бүгінде АҚШ пен басқа да елдерде кеңінен қолданылады. Оның Қазақстанда бейімделуі елге автомобиль жолдарын салудың халықаралық стандарттарына көшуге мүмкіндік береді. Қазақстанда оны бейімдеу халықаралық стандарттарға көшуге мүмкіндік береді», – дейді Ерік Әмірбаев.

2025 жылы Superpave технологиясы мына автожол учаскелерінде қолданылмақ:

Келтірілген дерекке сүйенсек, Superpave — AASHTO (АҚШ) әзірлеген асфальтбетон қоспаларын жобалау жүйесі. Ол климаттық жағдайлар мен көлік қозғалысының қарқынын ескере отырып, температура ауытқуы мен ауыр жүктемелерге төзімді жол жабындарын жасауға мүмкіндік береді.

Бұл технология АҚШ, Канада, Қытай және Еуропа елдерінде сәтті қолданылып жатыр.

«Қазақстан үшін бұл тек жол сапасын арттыру ғана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттарға көшуге жасалған маңызды қадам», – деп есептейді мамандар.

Тэгтер:

Қазақстан жол асфальт