Алматы тұрғыны көршілеріне пышақпен шабуыл жасамақ болды

18 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Алматының Наурызбай ауданында қолына суық қару ұстап жүрген ер адам көршілерін қорқытқан, деп хабарлады turkystan.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 17 сәуірде болды. Оқырманның жіберген видеосында жартылай жалаңаш ер адамның кіреберіс дәліздерді аралап, көрші пәтерлердің тұрғындарының есіктерін қағып, адамдарды мазалап, қорқытып жатқанын көруге болады.

Бақылау камераларындағы келесі бейнеде мазасыз көршінің лифтте адамға шабуыл жасауға тырысқаны байқалады.

Алматының полиция департаменті бұзақының полиция басқармасына жеткізілгенін, іс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Шақыру келіп түскеннен кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келді. Мас күйінде болған ер адам Наурызбай ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ӘҚБтК – нің 1-бөлігінің 440-бабы және 1-бөлігінің 434-бабы бойынша-қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды», – деді тәртіп сақшылары.

Полиция материалдардың заңда көзделген шешімді қабылдау үшін сотқа берілгенін айтты.

Бұл ретте, лифттегі шабуыл жасамақ болу әрекеті де тіркеліп, іс қозғалды.

Тэгтер:

Алматы