Аскөк (укроп) – ең пайдалы тағам. Бірақ оны балғын күйінде сақтау оңай емес. Қазір сізге аскөк, ақжелкен мен жасыл пиязды бір ай бойы балғын күйінде сақтауға мүмкіндік беретін қарапайым 3 тәсілді айтамыз.
1-кеңес. Су құйған контейнер
Балғын аскөкті әбден шайып, ыдысқа салыңыз. Аскөк толық бататындай етіп үстінен су құйыңыз. Сосын қақпағын жақсылап жауып, бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Бұл жапырақтардың суға қанығуы үшін қажет. Содан кейін аскөкті алып, суын сілкіңіз. Ыдыстағы суды төгіп, аскөкті қайтадан ыдысқа салып, тоңазытқышқа қойыңыз. Бұл жағдайда аскөк бір апта бойы балғын күйінде сақталады. Аскөкті дүкеннен әкелген бойда бірден жуып, салған дұрыс.
2-кеңес. Тұзбен сақтау
Аскөкті мұқият жуып, сілкіп, сосын ұсақтап тураңыз. Шыны ыдысқа салып,100 г аскөкке 20 гр тұз салып, қақпағын жақсылап жабыңыз. Содан кейін оны тоңазытқышқа қойыңыз. Аскөк бір ай бойы балғын күйінде сақталады.
3-кеңес. Майда мұздату
Тек жапырақтарды ғана майда мұздатуға болады. Оларды ұсақтап турап, кептіріп, мұз салатын ыдыстарға салып, үстінен зәйтүн майын құю керек. Май жапырақтың дәмі мен хош иісін сақтайды.