Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика  инфрақұрылымының даму барысымен танысты

18 сәуір, 2025 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгінде аталған нысандағы көпмақсатты заманауи терминал Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша тәулік бойы жүк тиеу мен түсіру қызметін ұсынады.

Порттың халықаралық көлік дәліздерінің тоғысында орналасуы ұлттық және өңірлік логистиканы нығайтудағы айрықша стратегиялық мәнін көрсетеді.

Президентке Маңғыстау облысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективасы, соның ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейту және порт қуатын жаңғырту жоспарлары жөнінде баяндалды.

Көлік министрі Марат Қарабаев өңірде жалпы құны 1,9 триллион теңге болатын 24 инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылып жатқанын айтты

Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды. Президенттің айтуынша, Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жолында Маңғыстаудың алатын орны ерекше. Сондықтан оның әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Өйткені бұл міндеттің стратегиялық маңызы зор.

Тэгтер:

Тоқаев жұмыс сапары Маңғыстау облысы