Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылы Қазақстан 150 мыңға жуық автомобиль шығаруды жоспарлап отыр. Яғни, биыл республиканың автокөлік өндірісі 5 пайызға артып, 149 мың жеңіл көлік шығарылады.
2025-2035 жылдары министрлік металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларында 9 ірі жобаны жүзеге асырады. Олар жобалық қуатына жеткенде өндірілетін өнім көлемі шамамен 7,3 млрд доллар болады деп болжанды.
Министрлік мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда кейінгі бес жылдағы ең көп индустриалдық жоба жүзеге асырылмақ. Республикада жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жоба іске қосылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Осы жобалар толықтай жұмыс бастағанда өндіріс көлемі 2,2 трлн теңгеге дейін жетеді деп болжанған.
Былтыр салаға салынған инвестиция көлемі 189 млрд теңгеден асты. Көрсеткіш 2023 жылғымен салыстырғанда 5 есе өскен.