Өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды

18 сәуір, 2025 / Túrkіstan International Political Weekly

Осы аптада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2025 жылғы өрт қауіпсіздігіне дайындық бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы брифинг өтті. 

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев өрт болу қау­пі күшейген кезеңінің басталған­дық­тан, әкімдіктермен және басқа да уә­кілетті органдармен бірлесіп табиғи өрт­тердің алдын алу және халықты қор­ғау жұмысына даярлық туралы ха­барлады. Атап айтсақ, Экология ми­нистрлігімен бірлесіп ведо­мст­воара­лық жоспар бекітілген, шекаралас мем­лекеттермен өзара іс-қимылдарға түзетулер енгізілген. 
Бұл бағытта өңірлерде про­филак­тикалық іс-шаралар кешені жүр­­­­гізіледі. Мәселен, аумақты тазарту жә­не жер жырту жұмыстары жал­ғасу­да, сондай-ақ орманды дала алқап­та­рын­да профилактикалық жұмыстар бел­сенді жүргізілуде. «Қазгидрометтің» бол­жамына сәйкес алдағы жаз құрғақ болады деп күтілуде, бұл табиғи өрт  қаупін еселейді.
Бүгінге дейін 34 табиғи өрт пен 405 құр­ғақ өсімдік өрті тіркелді. Оның не­гізгі себебі – адам факторы болып отыр. Шөпті рұқсатсыз жағу және от­ты абайсыз пайдаланудың соңы өртке ұласуда дейді мамандар. 
Полиция мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен күнделікті рейдтер ұйымдастырылып жатыр. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 475 адам әкімшілік жауапкершілікке тар­тылған. Халыққа түсіндіру жұмыстары жүр­гізіліп, мектептерде қауіпсіздік са­бақтары және басқа да акциялар өткізіле бермек. 
ТЖМ Командалық орталығында тәу­лік бойы жедел топ жұмыс істейді. «Ор­ман», «Табиғат» ақпараттық жүйе­ле­рінің, бейнебақылау, космомо­ни­торинг көмегімен өрт ошақтарын ерте анықтауға ерекше назар аударылады.
Орман алқаптары бар өңірлерде ТЖМ әуе кемелері мен табиғат қорғау ве­до­мстволарының кезекшілігі ұйым­дас­тырылады. Пилотсыз ұшу ап­парат­тары да белсенді пайдаланылады, күн сайын әуеден шолу жұмыстары жүр­гізі­леді.
Мамыр айында авиацияны қатыс­тыра отырып, Республикалық коман­да­лық-штабтық оқу-жаттығулар, сон­дай-ақ өрт сөндіру бекеттері және ерік­ті өрт сөндіру құралымдарымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өт­кізіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды табиғат аясында өрт қауіп­сіздігі ережелерін қатаң сақтауға ша­қырады.

Тэгтер:

өрт брифинг Өрт қауіпсіздігі