Көлік министрінің м. а. «Қостанай - Денисовка Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» 11 сәуірдегі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұйрық 2025 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай – Денисовка учаскесі километр (бұдан әрі – км) 545+000 км – 385+000 км (А-22) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар I-б және II санатты Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылатыны анықталды.
Жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Қостанай – Талапкер – Айсары – Костомар – Жосалы – Новонежинка – Озерное – Аманқарағай – Әулиекөл – Новоселовка – Диевка – Қосағал – Раздольное – Аралкөл – Уркаш – Алтынсарино – Адаевка – Бестобе – Ливановка – Денисовка" автомобиль жолы;
Автомобиль жолындағы жолақтардың саны – екі бағытта 2 және 1 жолақ.
ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 151 км;
Сонымен, төлем келесі ақылы учаске үшін төленеді:
- Жеңіл автомобильдер - 0,0331 АЕК (130 теңге, кейінгі төлем), 0,0280 АЕК (110 теңге, алдын ала төлем);
- 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері - 0,2645 (1040 теңге, кейінгі төлем), 0,2238 АЕК (879 теңге, алдын ала төлем);
- 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері - 0,5341 (2100 теңге, кейінгі төлем), 0,4527 АЕК (1780 теңге, алдын ала төлем);
- 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар - 0,8011 ЕК (3150 теңге, кейінгі төлем), 0,6816 АЕК (2680 теңге, алдын ала төлем);
- Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері - 1,0682 (4200 теңге, кейінгі төлем), 0,9079 АЕК (3570 теңге, алдын ала төлем);
- Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар - 1,3327 (5240 теңге, кейінгі төлем), 1,1317 АЕК (4450 теңге, алдын ала төлем).
Сонымен қатар, ай мен жылға абоненттік төлем белгіленеді.
Жеңіл автомобильдер үшін 30 күнге абонемент құны көзделмеген, бір жылға 1 АЕК (2025 жылы 3932 теңге) құрайды.
Басқа көлік үшін бір айға – санатына қарай 2-ден 10 АЕК-ке дейін, бір жылға-20-дан 100 АЕК-ке дейін.