WhatsApp желісінде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар тарап жатыр. Осыған байланысты әкімдік үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ, басқа да нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр. Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламалар мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер», - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік азаматтарға маңызды кеңес берді:
- мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер;
- күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар;
- жеке деректеріңізді таратпаңыздар.
«Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер! Егер осындай хабарлама алсаңыздар, құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар», - деп жазылған хабарламада.