18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

18 сәуір, 2025 / Алуа Арман
AMANAT партиясы

Ұлы дала төсін мекен еткен байырғы бабаларымыздың мәдениеті мен өнері, құндылықтары мен көзқарасы ескерткіштерде, тарихи орындарда айқын көрініс табады. Оны көздің қарашығындай қорғап, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында қалдыру – баршамызға ортақ парыз.

Осы орайда, ЮНЕСКО халықаралық ұйымының тарихи құндылықтар тізіміне еліміздегі бірқатар тарихи орындар мен елеулі ескерткіштер енгізілді. Олардың қатарында «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені мен Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы да бар. 

Ел тарихына құрмет – ең қастерлі міндет. Ата тарихымызды әркез ардақтай білейік!

Тэгтер:

тарихи ескерткіштер