Павлодарда жоғалып кеткен тұрғын 4 аптадан бері табылмай жатыр

18 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Азаматтың жоғалып кеткеніне 23 күн болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«VITA» іздестіру жасағының мәліметінше, 37 жастағы Юрий Купин 26 наурыз күні сағат 6:00-де Бекмаханов көшесі, 150/1 мекенжайынан шығып, қайтып оралмаған.

«Азаматтың бойы 175 сантиметр, көзі көк, шашы ақшыл сары, денесі арық. Қазіргі уақытта сақалы болуы мүмкін. Білегінде «Ю» әрпі салынған, ал кеудесінде крест салынған татуировкасы бар. Жұмыс киімімен шығып кеткен. Үстінде қара көк күртеше, астында қара шалбар, аяғында галош», – делінген хабарламада.

Еріктілер кез келген ақпарат бойынша +7(747)615-55-63 (Катерина), +7(777)334-82-01 (Светлана) немесе 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Тэгтер:

Павлодар Ер адам тұрғын ерікті