Танымал әнші Роза Әлқожаның Шымкенттегі концертіне барған көрермен көңілі қалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Жазуынша, әнші тек гүл бергендермен ғана суретке түскен.
"Шымкенттегі концертіне көңілім толмады. Гүл берген кісілермен суретке түсіп, кім екенін сипаттады. Қала берді кішкентай қыздардың аузына түкірді", - деп ренішін білдірді көрермен.
Желі қолданушылары Роза Әлқожа туралы өз ойларын жаза кетті.
"Тым тәкаппар", "Баланың аузына түкіргені несі, ауызда инфекция болуы мүмкін ғой", "Концертті кеш бастады, бір сағатта 3 ән айтты", "Халықтың кінәсі бар шығар", "Өзіме ұнайтын әнші, дауысы керемет", - деді олар.