«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді

17 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы жүзеге асқанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын. «Хандар шежіресі» қолжазбасы – XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асатын бүктеме қағаз түріндегі құжат», — деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартатынын атап өтті.

«Сонымен қатар VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Бұған дейін ЮНЕСКО тізіміне Қожа Ахмет Яссауидің және оның шәкірттерінің қолжазбалары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы туралы мұрағат материалдары, сондай-ақ Арал теңізінің мұрағат қоры енгізілген болатын», — деді Мемлекеттік кеңесші.

Тэгтер:

Президент Семей тізім Қазақ әлем тарих Мәдениет мемлекет ЮНЕСКО басшы Ерлан Қарин Теңіз Арал кеңесші Хан шежіре жады антиядро Невада Қожа Ахмет Яссауи артефакт