Мальдив аралдарында акула турист қызды тістеп алды (ВИДЕО)

17 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы

Мәскеуден келген ресейлік турист қыз Мальдив аралдарында акуланың шабуылына ұшырады. Қыздың қолына шұғыл ота жасауға тура келген, деп хабарлады turkystan.kz.

Демалыс кезінде Екатерина снорклингке (су астында арнайы жабдықтың көмегімен жүзу) шыққан. Оның айтуынша, суға түскен алғашқы минуттар тыныш өткен, қауіпсіздік ережелерін сақтаған. Алайда бір сәтте айналасында жүрген акулалардың бірі оның білегін тістеп алған.

Қыз акуланы қолымен бірден итеріп жіберіп, туристік қайыққа қарай тез жүзіп кеткен. Оны сол сәтте қайыққа шығарып, алғашқы көмек көрсете бастаған.

Туристің айтуынша, жара орны дұрыс жансыздандырылмаған, ал операция кезінде қатты ауырсыну сезінген. Сонымен қатар, сақтандыру компаниясы аурухана шығындарын өтеуден бас тартқан.

Тэгтер:

Футбол клуб Бразилия Неймар Сантос Чемпиондар