"Алиса" енді ойлана алады

17 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: shutterstock.com

"Яндекс" виртуалды көмекшісі "Алиса" енді сұрақтарға бірден жауап бермей, алдымен логикалық талдау жасап, мәселені жан-жақты ой елегінен өткізеді. Бұған YandexGPT 5 негізінде құрылған жаңа үлгі мүмкіндік беріп отыр. Қазір жаңа жүйе бета-режимде жұмыс істеп тұр.

Кеңейтілген қызметтерге жазылған қолданушылар бұл функцияны чатта іске қоса алады. Жүйе қосылған соң екі жаңа батырма пайда болады:

"Талдау" – Алиса сұраққа бірден жауап бермей, ойлау барысын, түрлі нұсқаларды, шешімге қалай келгенін қадам-қадамымен көрсетеді.

"Іздеу" – сұраққа қатысты мәліметті алдымен Яндексте іздеп, табылған ақпарат негізінде нақты, дәйекті жауап береді. Жауапта сілтемелер де көрсетіледі.

"Яндекстің мәліметінше", Алиса қазір нақты қолданушылардың сұрақтары арқылы оқып-үйреніп жатыр.

Тэгтер:

алиса яндекс Алиса виртуалды көмекші көмекші виртуалды көмекші