Табысты адамдардың өмір салтын 17 жыл зерттеген сарапшы қарапайым кеңес айтты

17 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

17 жыл бойы табысты адамдардың қалай жұмыс істейтінін зерттеген маман қарапайым, бірақ тиімді тактиканы ұсынады. Шаршап тұрсаң да, энергияң қалмаса да – бәрібір бастаған ісіңді соңына дейін аяқта, нәтижесі олпы-солпы болса да, бәрібір.

Яғни:

– Жобаны тапсырғың келмей ме? Қолда барын құрап жібер.
– Хаттар көп келіп, басың қатты ма? Барлығын өшір де, жаңадан баста.
– Телефон соғуға шамаң жоқ па? Хабарлама жаз.
– Достарыңа жауап беруге шабытың жоқ па? Смайлик жібер де, демал.

Маңыздысы – алға қарай жүру. Мінсіз нәтиже емес, тоқтап қалмау аса маңызды. Осылайша, бір орында тұрып қалмайсың және күш жинауға уақыт табасың.

Тэгтер:

кеңес сарапшы табыс сыр табысты адам зерттеуші