Дархан Кәлетаев Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елші лауазымынан босатылды

17 сәуір, 2025 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, Дархан Кәлетаев 2020 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған болатын.

Дархан Амантайұлының орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

 

Тэгтер:

елші Дархан Кәлетаев