Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

17 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар межеден асыра орындалды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Бұл көрсеткіш бекітілген жоспар — 62,3 мың гектардың 102%-ын құрайды.

2025 жылға қарай Абай облысы бойынша жалпы көлемі 170 мың гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланған. Аталған жұмысты тиімді жүзеге асыру мақсатында ай сайынғы кесте бекітіліп, жер көлемі аудандар арасында бөлінді.

Қол жеткізілген нәтижелер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Абай облысы департаменті мен аудан және қала әкімдіктерінің тығыз өзара іс-қимылының нәтижесі болып отыр. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.

Тэгтер:

Абай облысы жер мемлекет