Пышақтап, өртеп жіберген: Шымкентте шешесін өлтірген жігіт жазадан құтылып кетті

17 сәуір, 2025 / Алуа Арман
Otyrar.kz

31 жастағы Дархан Жолдыбаев қорғансыз адамды өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаңтар айының басында ол өзінің мүгедектігі бар, 54 жастағы шешесіне ұйықтап жатқан жерінде бас салған. Өзінің айтуынша бала күнгі таяқ жегені есіне түсіп, сол үшін өш алмақ болған.

«Ол пышақты алып, жүрек тұсына үш рет, арқасына алты рет сұққан. Қылмысын жасыру үшін үй мен ауладағы жиһазды өртеп, шешесінің денесін шығарып, дәретхананың қасынан қазған шұңқырда өртеген», - деді прокурор.

Otyrar.kz мәліметінше марқұмның туыстары Дарханнан үйдегілердің бәрі қорыққанын айтқан. Ол психикалық ауруханада есепте тұрған. Бірнеше мәрте ем алып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сот-психиатриялық сараптама Жолдыбаевта шизофрения дерті бар екенін анықтады. Алайда туыстары оның ауруын әсіре көрсетілгенін айтады.

Судья сотталушыны кінәлі деп танып, психиатриялық стационарға мәжбүрлі түрде емделуге жіберді.

 

Тэгтер:

Шымкент судья кісі өлімі