Шерзат ісі: Сотталушылардың жартысы бұрын сотталған

17 сәуір, 2025 / Алуа Арман
Жоғарғы сот

Бүгін Талдықорғанда 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты екінші сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Істе тоғыз сотталушы бар. Оның бесеуі бұрын сотталған. Сотталушылар бұрын өздерінің қандай баптар бойынша сотталғанын айтып берді.

Сотталушы Сакиев 1998 жылы туған. Бұрын мейрамхана әкімшісі болып жұмыс істеген. Бойдақ, ата-анасымен тұрады. 2021 жылы Талғар аудандық сотының үкімімен «Прокурордың қызметіне кедергі келтіру және оның заңды талаптарын орындамау» бабы бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сотталушы Белғожаев 25 жаста. Балалар мен жасөспірімдердің спорт сарайында әдістемесі болып жұмыс істеген. 2015 жылы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен сотталған.

Айыпталушы Тоқтаубаев 2020 жылы жеті жылға сотталған.

1998 жылы туған сотталушы Ильясов 2023 жылы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша 2,5 жылға сотталған. Соттылығы әлі алынбаған.

Сотталушы Аскентай да бұрын сотталған.

Айта кетейік, күдіктілер арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім де бар. 17 жастағы Думан Ысқақ 11 сыныпта оқиды. Сотта ол отырысқа дайын екенін айтты.

 

Тэгтер:

сот отырысы Шерзат Болат