Жүзуші Эдуард Ким әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

17 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Хургадада (Мысыр) әртістік жүзуден әлем кубогі өз мәресіне жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді.

Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алды — 224,5450 ұпай. Екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин ие болды — 218,7650 ұпай.

Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.

 

 

Тэгтер:

Эдуард Ким