Өскемен-Риддер тасжолында 1 адам көз жұмды

17 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Риддер тасжолында жол-көлік оқиғасынан 1 адам мерт болды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты тасжолдың 4-шақырымында болған.

«ВАЗ 2109», «Honda Inspire» жеңіл көліктері мен «Камаз» соқтығысты. Соның салдарынан «ВАЗ 2109» автокөлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған. Соның қорытындысына қарай процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тэгтер:

Жол апаты Риддер Шығыс Қзақстан Өскмен