Шерзат Полаттың қазасы: Екінші сот отырысы басталды

17 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Жоғарғы сот

Бүгін, 17 сәуірде Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Сот талқылауы Талдықорғандағы Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр.

Істі судья Ержан Жанұзақов қарайды.

Бүгінгі сот отырысына күзетпен ұстауда отырған сотталушылар – Н.Тоқтаубаев, А.Тоқтаубаев, Шынасыл, Сакиев, Белғожаев, Әскентай, Ілиясов, Қалиахмет және Ысқақ жеткізілді. Одан бөлек басты сот талқылауына мемлекеттік айыптаушылар, сотталушылардың қорғаушылары, заңды өкілі, айыптау актісінің тізіміне сәйкес жәбірленушілер, олардың өкілдері, куәлер шақыртылды.

 

Тэгтер:

сот отырысы онлайн тікелей эфир Шерзат Полат