Brent маркалы мұнай бағасы 2,09%-ға өсіп, барреліне 66,02 долларға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
WTI маркалы мұнай бағасы 2,4%-ға өсіп, бір баррель бағасы 62,80 долларды құрады.
АҚШ шикізат нарығының жаңа статитикасы жарияланғаннан кейін мұнай бағасы өсе бастады. Деректерге сәйкес елдегі коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) 0,5 млн баррелге артып, жалпы мөлшері 442,9 млн баррелді құрады. Өсім сарапшылардың болжамынан біршама жоғары болды.