«Мазақтап жатыр»: Димаш Құдайберген әнін келеке еткендерге жауап берді

17 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: dimashnews

Димаш Құдайбергеннің The Story of One Sky атты әнінің үзіндісі TikTok желісін қолданушылар арасында таралып, жастар арасында әзілге айналды. Бұған қатысты әншінің өзі пікір білдірді.

Димаш Құдайберген әндерінің бірін желіде күлкіге айналдырған отандастарына Instagram парақшасында жазба арнады.

"Бүгін әлеуметтік желіде жерлестерімнің "Бір аспанның хикаясы" атты әнімді қызу талқылап жатқанын білдім. Егер сені мазақтаса – сенің тірі және қызық екеніңнің айғағы дейді ғой.  Құрметті жерлестер, шығармашылық әзілдеріңізге рахмет. Тіпті күтпеген қалжыңдар болса да, назар аударып жатқандарыңызға рахмет. Ал бүкіл әлемдегі қымбатты жанкүйерлерім - мені әрқашан қорғап жүргендеріңізге, шынайылық пен жақсылықты жақтағандарыңыз үшін үлкен рахмет. Мен үшін сөздеріңіз музыка сияқты", - деп жазды ол.