Чемпиондар лигасының ширек финалында ағылшындық «Арсенал» клубы былтырғы чемпион, испандық «Реал Мадридпен» кездесті.
Сырт алаңда болған тартысты ойында «Арсенал» ойыншылары 1:2 есебімен жеңіске жетті.
Екі матч қорытындысы бойынша Артета шәкірттері 5:1 есебімен «Реалдан» басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
«Арсенал» жартылай финалда франциялық «ПСЖ» клубына қарсы ойнайды.