Танымал әнші Қазақстан сахнасында өнер көрсетеді

16 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы

Атышулы Земфира Рамазанова 2025 жылғы 6 шілдеде Конаев қаласындағы ASP Arena сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Танымал рок-әнші екі жылдық үзілістен соң қазақстандық тыңдармандарымен қайта қауышады.

Концерттің билеттері осы аптаның соңында сатылымға шығарылады. Бірақ әзірге олардың құны белгісіз.

Айта кетейік, әншінің Қазақстандағы соңғы концерті 2023 жылы өткен. Ол сол уақытта әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сынның астында қалған болаты.

Тэгтер:

Қазақстан әнші сахна танымал Земфира Рамазанова​​​​​​​ рок-әнші