«Асфальт қайда?»: Әлемдік байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы
Видеодан алынған скриншот

Алматы облысы Іргелі ауылында тұратын жас музыканттың халықаралық байқаудан кейін үйіне оралған сәті әлеуметтік желіде кең таралды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбада чемоданын сүйреп келе жатқан бозбала үйінің алдына жетіп, анасынан: «Асфальт қайда?» деп сұрайды.

Анасы сасқалақтап, не жайлы екенін сұрағанда, жасөспірім: «Мен әлемдік деңгейде бірінші орын алдым, ал асфальт қайда?» деп қалжыңмен жауап береді. Анасы бұл сөзді әзіл ретінде қабылдап, баласын шашу шашып қарсы алады.

Желі қолданушылары бұл видеоны кеңінен бөлісіп, мәдениет саласындағы жетістіктер де тиісті қолдауға лайық екенін атап өтті. Жазбаның астына «Қолдау тек спортқа емес, мәдениетке де қажет» деген пікір қоса берілген.

Айта кетейік, видеодағы бозбала — жас музыкант Әбілмансұр Далабек. Ол Бельгияда өткен халықаралық баяншылар байқауына қатысып, екі аталым бойынша өнер көрсетіп, бірінде бас жүлдені жеңіп алған.

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Тэгтер:

әнші Алматы Байқау жеңімпаз асфальт