Шымкентте екі айлық сәбиге 5 сағат бойы ота жасалды

16 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы

Шымкент қалалық балалар ауруханасында алғаш рет 2,5 айлық сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлер орталық жүйке жүйесінде ақауы бар, иық пен мойын тұсындағы нерв өрімдері үзілген сәбиге 5 сағатқа созылған ота жасап, сәтті аяқтады.

Бұл – еліміздегі сирек жасалатын операция түрі.

Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылған.

Айта кетейік, Шымкент қалалық балалар ауруханасы – еліміздегі ең ірі балаларға арналған емдеу орталықтарының бірі. 

Тэгтер:

Шымкент сәби дәрігер Емхана ота операция