Қарағандылық оқушы Ұлыбританиядағы оқу грантына ие болды

16 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетінші сынып оқушысы Данияр Мұстафин Spelling Bee халықаралық байқауының республикалық кезеңінде үздік атанды. Білім додасындағы жеңісі үшін сыйлық ретінде Ұлыбританияға сапар ұтып алдя, онда оқушы EF Education First-тен бір апталық тіл курсынан өтеді.

Spelling bee – жыл сайынғы ағылшын емле байқауы. Қатысушылар жылдамдыққа күрделі ағылшын сөздерін әріптермен жіктеп атаулары тиіс.

Биыл байқауға 7–9 сынып оқушылары қатысты. Барлық турлардың қорытындысы бойынша үздік нәтижелерді Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Данияр Мұстафин көрсетті.

– Даниярдың ең алғашқы ағылшын мұғалімдері оның ағалары болды. Үлкен ұлымыз ҚТЛ, ортаншымыз – IT-лицейді бітірді. Данияр біздің кенже баламыз, ағалары онымен жиі ағылшынша сөйлесетін. 4–5 жастан бастап Данияр ағылшын тіліне қызығушылық танытты. Бұл байқауға ол онша дайындалған жоқ. Мен оның бойында жарыс рухын сақтауға тырысамын. Бұрын ол жеңіліске ұшырағанда қатты күйзелетін, бірақ мен әрқашан ең бастысы – қатысу, ал жеңістер міндетті түрде болады деп айтатынмын, – дейді Даниярдың анасы Айнагүл Мұстафина.

Сыйлық ретінде Даниярға EF Education First-тен бір апталық стипендия берілді. Курс Ұлыбританияда осы жылдың шілде айының соңында өтеді.

– Бізге Англияның үш қаласын таңдау ұсынылды. Біз Борнмутты таңдадық. Данияр сол жерде ағылшын отбасында тұрады. Тамақтану, тұру, оқу – осының бәрі стипендиямен өтеледі. Виза мен ұшу өз есебімізден, – дейді Айнагүл Мұстафина. – Әрине, бұл арзан емес, бірақ бала өз жеңісінің жемісін пайдалануы тиіс.

Осы байқауда тағы бір қарағандылық жүлделі орынға ие болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оныншы сынып оқушысы Эмир Бүтімбаев қола медальға ие болды.

Тэгтер:

Қарағанды оқушы Ұлыбритания Грант Білім