Бөтен біреудің велосипедін теуіп, сөмкесін алып кеткен азаматқа қатысты іс қозғалды

16 сәуір, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Түркістан облысында полиция велосипед ұрлығын бейнекамера арқылы анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ордабасы ауданында кешкі сағат 19:00 шамасында жәбірленуші әкімшілік ғимараттың жанында велосипедін қалдырып, жеке шаруаларымен кеткен. Осы уақытта белгісіз ер адам оның ақша салынған сөмкесі мен велосипедін ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады.

Ал күдікті ұрланған мүлікті үйіне жасырып қойған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын бейнекамераның көмегімен анықтады. Сондай-ақ ұрланған мүлікті заттай дәлел ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

ұрлық велосипед сөмке