Сырым ауданының прокуратурасы ұзақ уақыт бойы ауданның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мақсатты пайдаланылмағанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 24 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 3200 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шынниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.