Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарудағы қаражат көлемі 22,3 трлн теңгеге жетті, деп жазады turkystan.kz.
Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.
Валютадағы үлесі қандай?
Активтердің валютадағы үлесі – 17,7 млрд АҚШ доллары немесе 9 трлн теңге.
Қаражат қандай қағида бойынша инвестицияланады?
Зейнетақы активтері тек нарықтағы мөлшерлемелер бойынша инвестицияланады.
Валюта портфелі қалай басқарылады?
Мұнда индекс тәсілі қолданылады: портфель халықаралық нарықтардағы түрлі бағалы қағаздардың динамикасын көрсететін ауқымды нарық индексінің негізінде құрылады.
Индекске қандай компаниялар кіреді?
Акциялар индексінде 1 000-нан астам эмитент бар, олардың қатарында Apple, Microsoft пен Tesla бар. Бұл жаһандық әртараптандыру мен инвестициялардың тұрақтылығына жағдай жасайды.