Астанада жыл басынан бері 30 велосипед ұрланған

16 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Елордада биыл 30-дан астам велосипед ұрлығы анықталды, — деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұрлықтардың басым бөлігі көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде болған. Қалғаны аулаларда және қоғамдық орындарда тіркелген. Ұрлықтың жиілеуіне себеп – тұрғындардың велосипедтерін қараусыз қалдыруы және дұрыс бекітпеуі.

Мәселен, жуырда Сарыарқа ауданына қарасты Ақан сері көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үй подъезінен BMW  балалар велосипеді ұрланғаны жөнінде полицияға арыз түскен. Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері оқиға бойынша дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, ұрланған мүлікті тауып, иесіне қайтарып берді.

Қалалық полиция департаменті ұрлықтың алдын алу мақсатында азаматтарға велосипедтерін арнайы құлыптармен бекітіп, бейнебақылау камераларымен қамтылған жерлерде сақтауға, сонымен қатар велосипед иелерін қырағы болуға шақырады және күдік туғызатын әрекеттер туралы “102” нөміріне хабарлауға кеңес береді.

Тэгтер:

ұрлық велосипед